KZNEWS.KZ
Әлеумет

Кінәлілер бостандықта жүр – Алматыда көз жұмған Ақнәрдің анасы

Азамат Қойшығара
Ашық дереккөз

Алматыда жұмбақ жағдайда көз жұмған Ақнәр Хамиттің өліміне қатысты іс әлі күнге дейін сотқа жетпеген, деп хабарлайды kznews.kz.

Марқұм Ақнәр Хамиттің анасы Гүлстан Хамит әлеуметтік желіде тағы да үн қатып, істің ұзаққа созылып кеткеніне алаңдаушылық білдірді.

Қамкөңіл ананың айтуынша, тергеудің созбалаңға салынғанына бір жылдан асқан.

– Бір жыл тоғыз ай (628 күн). Ақнәр ісі не үшін кабинеттен кабинетке көшіп жүр? Бұл істің созылуы, бұрмалауға салынуы жүйелі мәселе ме, әлде жеке жауапсыздық па? 628 күн ішінде тергеу қандай нақты нәтижеге жетті? Қай орган істің созылуына жауапты? Неге осы уақытқа дейін кінәлілер бостандықта жүр? – деп сұрады ол.

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →