KZNews.kz
Қоғам

«Кінәлі адамдар емес, басқа адамдар қаза тапты» - вице-министр Астанадағы көпірдегі апат туралы

Жарқын Омаров
Фото: istockphoto.com

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 28 қаңтар күні Астанадағы Сарайшық көпірінде болған жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Апат салдарынан екі адам қаза тапқан.

Игорь Лепеханың айтуынша, жол апатынан кінәсі жоқ адамдар көз жұмған. Ал қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен жүргізуші тірі қалған.

«Қылмыстық іс қозғалды. Қазір мән-жайды анықтап жатырмыз. Қаза тапқандар бұл оқиғаға кінәлі адамдар емес», -  деді вице-министр Сенат кулуарында.

Айта кетейік, 28 қаңтарда Астанада Сарайшық көпірінде үш көліктің қатысуымен адам өліміне әкелген жол-көлік апаты болды. Апат салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →