“Қыз Жібектің” қамзолы Алагөзоваға қалай келген? - Министрлік жауап берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Кеншілер мен металлургтер Жезқазғанда 150 түп ағаш отырғызды

Кеншілер мен металлургтер Жезқазғанда 150 түп ағаш отырғызды
Фото: t.me/kazakhmys_news

«Қазақмыс» компаниялар тобы республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жезқазған қаласындағы Наурыз саябағына 150 түп ағаш отырғызды, деп хабарлайды kznews.kz.

Акцияны өткізу үшін компания көшет пен құнарлы топырақ жеткізіп берді. Іс-шараға Топ кәсіпорындарының қызметкерлері қатысты. Қатысушылар шұңқыр қазып, ағаш отырғызды және бастапқы суару жұмысын жүргізді. Алдағы уақытта отырғызылған жасыл желекті күтіп-баптау жұмысын саябақ әкімшілігі қамтамасыз етеді.

Ағаш отырғызу «Қазақмыс» компаниясының өзіне қатысы бар өңірлердегі экологиялық жұмысының кезекті кезеңіне айналды. Компанияның өткен аптадағы экологиялық іс-шарасына 700-ге жуық жұмыскер қатысып, кәсіпорын аумағы мен қала алаңдарынан 95 тонна қоқыс шығарды.

Компания қызметкерлері Балқаш, Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы өндірістік нысандар мен аумақтарды тазалау үшін сенбілікке белсенді қатысады. Сонымен қатар Балқаш көлінің жағалауын қоқыстан тазарту жұмысын ұйымдастырды. Компания «Таза Қазақстан» акциясына жүйелі түрде қатысады. Экологиялық бастама, оның ішінде тұрақты өткізілетін «таза бейсенбі» іс-шарасы сәуір, мамыр айларында да жалғасады.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.