Жаңалықтар

"Кенесары ханның басын іздеу" мәселесі: Мәдениет министрлігі түсініктеме берді

"Кенесары ханның басын іздеу" мәселесі: Мәдениет министрлігі түсініктеме берді
liter.kz

Сенат кулуарында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықовтан журналистер Кенесары ханның бас сүйегіне қатысты ең көп талқыланатын сұрақтарды қойды, деп хабарлайды Kazinform.

Вице-министрдің айтуынша, бұл мәселе жөнінде қазір нақты дерек жоқ:

"Қазір бұл сұраққа дәл жауап бере алмаймын. Кенесарының басы нақты қайда екенін біз біле алмай отырмыз. Бізде мұндай ақпарат жоқ", – деді ол.

Тарихи олжаның мәдени және ұлттық маңызын ескере отырып, бұл бағыттағы зерттеулер жүргізіліп жатыр ма деген сауалға Айбек Сыдықов жұмыстардың үзілмей жалғасып жатқанын атап өтті.

"Кенесары ханның басы ғана емес, жалпы мәдени мұра бойынша іздеу жұмыстары бұрыннан жүргізіліп келеді. 2004-2006 жылдары және кейінгі кезеңдерде біздің ғалымдар шетелге барып, мұражайлар, архивтер, кітапханаларда жұмыс істеді. Соның нәтижесінде көптеген архивтік материалдардың көшірмелері елге жеткізілді", – деді вице-министр.

Оның айтуынша, «Архив–2025» бағдарламасы аясында соңғы жылдары шетелдік қорлардан цифрландырылып, Қазақстанға 14 мыңнан астам құжат пен жәдігер әкелінген.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz