Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Кеміргішке ұқсайды” - Семейдегі мектеп асханасынан табылған зат жұртты шошытты

“Кеміргішке ұқсайды” - Семейдегі мектеп асханасынан табылған зат жұртты шошытты
Фото: ашық дереккөз

Оқиға 11-сынып оқушысымен болған. Ол асханадан алған тоқаштан бір тістеген сәтте тіліне қыл-қыбыр жабысып, дереу мектеп әкімшілігіне хабар берген. Ата-аналардың айтуынша, мектеп ұжымы жағдайды сыртқа шығармауға тырысқан.

Ата-аналар шу көтергеннен кейін білім бөлімі сараптама тобын құрып, асхананы тексеруге кіріскенін хабарлады. Алайда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі бұл мәліметті теріске шығарып, мектепке тексеріспен бармағандарын айтты. Себебі оқиға бойынша ресми арыз түспеген.

«Бізге шағым бүгін ғана келіп түсті. Оқушының ата-анасына құқықтары түсіндірілген соң ғана өтініш қабылданды», – деді қалалық санитария-эпидемиология басқармасының басшысы Шыңғыс Чокушев.

Қазір мамандар мектеп асханасын жоспардан тыс тексеруді жоспарлап отыр. Ал оқиға жөнінде хабарды жасырып қалуға тырысқан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына сөгіс берілді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.