Қайрат Боранбаев лауазымды қызметке тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Кемі 3-4 миллион сұрайды”: Қызылордада мұғалім боп жұмысқа тұру үшін қанша ақша керек?

“Кемі 3-4 миллион сұрайды”: Қызылордада мұғалім боп жұмысқа тұру үшін қанша ақша керек?
Фото: ЖИ

Әлеуметтік желілерде Қызылорда облысындағы мектептерге жұмысқа орналасу мәселесі қызу талқылануда. Желі қолданушыларының бірқатары білім беру ұйымдарына мұғалім болып орналасу үшін ірі көлемде заңсыз ақша талап етілетінін айтып, өз пікірлерімен бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Талқылау Facebook желісінде қолданушы Жансая Нұрқожаның «Неге Қызылордада мектепке жұмысқа орналасу қиын?» деген сауалынан кейін өрбіген.

Пікір қалдырғандардың бірі Қызылордадағы кейбір мектептерге жұмысқа тұру үшін 3–4 миллион теңгеге дейін қаражат сұралатынын жазған. Оның айтуынша, дипломы мен біліктілігі болғанына қарамастан, жас мамандарға тұрақты жұмыс табу оңай емес.

«Кемі 3–4 миллион сұрайды. Осы жағдай жаз бойы басымнан өтті. Жастарға орын жоқ. Қандай мамандық, қандай дипломың бар екеніне қарамайды», – деп жазды желі қолданушысы.

Тағы бір пікір авторы бірнеше жыл білім алып, ұлттық біліктілік тестінен өтіп, сертификат алған жастардың жұмыссыз жүргеніне алаңдаушылық білдірген.

«Балаларымызды жұмысқа қалай орналастырамыз? 3–4 миллион теңге беретін жағдайымыз жоқ. Қаншама жыл оқып, диплом алды, тест тапсырды, сертификаты да бар», – деп жазды ол.

Сондай-ақ әлеуметтік желідегі кейбір жазбаларда мұғалімдік қызметтен бөлек, техникалық қызметкерлер мен медицина саласындағы бос орындарға орналасу үшін де ақша талап етіледі деген пікірлер айтылған.

Алайда аталған мәліметтердің барлығы әзірге әлеуметтік желі қолданушыларының жеке пікірлері болып табылады. Бұл ақпаратқа қатысты Қызылорда облысының білім басқармасы немесе өзге де құзырлы мемлекеттік органдар әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.