Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Келіншек өз баласын өзі ұрлап кеткен

Келіншек өз баласын өзі ұрлап кеткен

Әйел туыстарының алдында өзін ақтау үшін ұрлық жасалды деп әдейі ойластырған.

Одессада әйел жеті айлық қызының темір жол вокзалының жанында ұрлады деп полицияға мәлімдеген. Оның сөзіне қарағанда, ол үлкен баласына алаңдаған, ал қайтып келгенінде арбадағы баласы жоқ болған.

Құқық қорғау органдары темір жол вокзалының жанын қарап, жаяу жүргіншелерге сауалнама жүргізіп , бейнебақылау камераларын тексерген. Кейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері дәрігерлік мекемеге барған, онда куәгерлердің бірі оқиға орнында әйелді арбамен жүргенін, қалам мен қағаз сұрағанын суреттеп берген.

Жиналған мәліметтерді талдаған соң полиция баланы ұрлады деп мәлімдеме жасаған әйел мен  баланы ауруханаға жеткізген әйелдің екеуі де бір адам болып табылады деген қорытындыға келді. Айта кетейік, 2 ай бұрын 22 жастағы Харьков облысының тұрғыны екі кішкентай баласымен Одессаға медициналық тексерілістен өтуге келген.  Анасының сөзінше, кішкентай қызы айықпас дертке шалдығып, емдеуге ақшасы жетпей аурухана жанына тастап кеткен.

Сонымен қатар, ол бір сағаттан кейін Харьков облысына қайтамын деп билет алыпты. Ал, баланың ұрлану жағдайын өзі ойдан шығарған. Қазіргі таңда, бала толық тексерілістен өткен, денсаулығына қауіп жоқ. Алдын ала деректер бойынша, анасының айтқан диагнозы расталмады. Кішкентай қыздың тағдырын балалар ісі жөніндегі қызметкерлер шешпек.

Автор
Бауыржан