«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Кей өңірлерде аптап ыстық +44 градусқа дейін жетеді

Кей өңірлерде аптап ыстық +44 градусқа дейін жетеді
Ашық дереккөз

Жексенбі, 9 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде ыстық әрі жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің батысында ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі, ал бірқатар өңірде найзағай, екпінді жел, шаңды дауыл мен тұман күтіледі, деп хабарлайды kznews.kz.

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, ең жоғары температура Маңғыстау облысында тіркелмек. Күндіз өңірде ауа температурасы +39…+44 градусқа дейін көтерілсе, облыстың батысында +34 градус шамасында болады.

Қызылорда облысында да қатты ыстық күтіледі. Күндіз ауа температурасы +38…+43 градусқа жетеді. Облыстың орталығы мен шығысында шаңды дауыл болжанып отыр.

Түркістан облысында +36…+41 градус аптап ыстық болады. Таулы аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде және Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы +41 градусқа дейін көтеріледі. Атырау облысында +36…+41 градус ыстық күтіледі.

Қостанай облысында күндіз +32…+37 градус, ал оңтүстігінде +40 градусқа дейін жетеді. Ұлытау облысында +34…+39 градус болады.

Аптап ыстыққа қарамастан, елдің кейбір аймақтарында жауын-шашын болжанады.

– Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарының таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Батыс Қазақстан облысының батысында да жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, – делінген болжамда.

Бірқатар өңірде жел күшейеді. Жамбыл облысында жел екпіні кей жерлерде секундына 25 метрге, Абай облысында 23 метрге дейін жетуі ықтимал. Алматы және Жетісу облыстарында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Салыстырмалы түрде салқын ауа райы еліміздің шығысы мен солтүстік-шығысында сақталады. Шығыс Қазақстан облысында күндіз +27…+32 градус болады. Абай облысында да негізінен +27…+32 градус болғанымен, оңтүстігінде +36 градусқа дейін көтеріледі.

Павлодар облысында +29…+34 градус, Қарағанды облысында +28…+33 градус, оңтүстігінде +36 градус күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында +28…+33 градус, батысы мен оңтүстігінде +36 градусқа дейін ыстық болады.

– Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай облысында тұман түсуі мүмкін, – деп ескертеді синоптиктер.

Айта кетейік,

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.