Ғылым және жоғары білім министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын тексеру үшін арнайы мониторингтік топ жасақтайды. Топ оқу орнындағы қауіпсіздік талаптарының орындалуына және студенттермен жүргізілетін жұмыстардың сапасына баға береді, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұдан бөлек, студенттер арасындағы жанжалдардың алдын алу, олардың арыз-өтініштерін дер кезінде қарау және психологиялық көмек көрсету тетіктеріне басымдық беріледі.
Мониторинг нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша студенттердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған қосымша шаралар әзірленбек.
Айта кетейік, 16 қарашада ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінде білім алған бірінші курс студенті қайтыс болған еді. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды.