Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

КазТАГ агенттігінің бас редакторы ұсталды

КазТАГ агенттігінің бас редакторы ұсталды
Фото: ашық дереккөздерден

КазТАГ агенттігінің бас директоры Әсет Матаев осы медиаресурстың бас редакторы Әмір Қасеновтың ұсталғанын хабарлады.

- Бүгін 19.00 де Астана қаласының Есіл аудандық полициясы КазТАГ ақпарат агенттігінің бас редакторы Әмір Қасеновты ұстады. Қорғаушыларымыздың хабарлауынша, журналист тергеуге шақырылып, артынша қамауға алынған. Біз бұл әрекетті Қазақстандағы еркін баспасөзге жасалған қысым деп қабылдап, айыптаймыз, - деп жазды Әсет Матаев өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.

Медиаресурс бас директоры Әсет Матаев журналистің қамалуына қоғамдық резонансқа ұласқан  Freedom Finance компаниясына қатысты жарияланған мақалалар негіз болды деп санайды. 

Біз қаржы ұйымы мен медиаресурс арасындағы текетірес туралы жазғанбыз. Бұл мәселеге Премьер-Министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да алаңдаушылық білдіріп, мәлімдеме жасаған болатын.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.