9 қазаннан бастап мектепте телефон пайдаланудың жаңа тәртібі күшіне енеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазіргі кезде жүрекке салмақ түсіретін 6 жағдайды білесіз бе

Қазіргі кезде жүрекке салмақ түсіретін 6 жағдайды білесіз бе
Ашық дереккөз

Жүрек-қантамыр аурулары әлемде өлім мен мүгедектіктің негізгі себептерінің бірі болып қала береді.

Дегенмен олардың дамуына әсер ететін бірқатар қауіп факторын бақылауда ұстауға болады, деп хабарлайды kznews.kz

Мамандардың айтуынша, жүрекке салмақ түсіретін негізгі алты фактор бар. Олар — қан қысымының жоғары болуы, темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, дене белсенділігінің төмендігі, артық салмақ және қант диабеті.

Осы факторлардың бір бөлігі адамның күнделікті өмір салтына тікелей байланысты. Сондықтан қан қысымы мен қандағы қант деңгейін тұрақты бақылау, дұрыс тамақтану, көбірек қимылдау және темекіден бас тарту жүрек денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Қазақстанда жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу және емдеу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соңғы бес жылда қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 35,1%-ға, ал сырқаттанушылық шамамен 15%-ға төмендеді.

Оң динамика биыл да байқалады. 2026 жылдың алғашқы алты айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда:

  • қанайналым жүйесі ауруларының сырқаттанушылығы 2,4%-ға;
  • артериялық гипертензия 6,7%-ға;
  • жүректің ишемиялық ауруы 6,6%-ға;
  • инсульт 2,3%-ға төмендеді.

Бұл көрсеткіштер кардиологиялық және инсульттік қызметтерді дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Қазақстанда бейінді медициналық орталықтардың желісі кеңейіп, жоғары технологиялық операциялар көбейіп келеді. Сонымен қатар жедел медициналық көмек жетілдіріліп, инфаркт пен инсультті емдеудің заманауи хаттамалары енгізіліп жатыр.

Дегенмен мамандар денсаулықты сақтауда адамның өз жауапкершілігі де маңызды екенін атап өтеді.

Өзіңізді тексеріп көріңіз: қан қысымыңызды және қандағы қант деңгейін тұрақты өлшеп тұрыңыз, профилактикалық тексерулерден өтіңіз, күнделікті қозғалысты көбейтіңіз, темекіден бас тартыңыз және дұрыс тамақтануға көңіл бөліңіз.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.