Ресейдегі МемДума сайлауы: "Біртұтас Ресей" алда келеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанның тамақ өнеркәсібіндегі үздік өндірушілер анықталды

Қазақстанның тамақ өнеркәсібіндегі үздік өндірушілер анықталды
Түркістан облысы әкімдігі

«Ленгерское» брендімен балмұздақ шығаратын «Балмұздақ» ЖШС «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік көрме-байқауында бас жүлдеге ие болды.

Сарапшылардың бағалауынша, кәсіпорын «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды kznews.kz

«Бүкіл «Ленгерское» командасы үшін бұл марапат үлкен мәртебе әрі зор мақтаныш! Біздің әрбір өнімімізге қызметкерлеріміздің махаббаты мен жан жылуы сіңген. Еңбегімізге осындай жоғары баға берген байқау ұйымдастырушыларына, облыс әкімдігіне, «Атамекен» ҰКП-ға және, әрине, тұтынушыларымызға шынайы алғысымды білдіремін. Бұл жеңіс отандық өнімнің шын мәнінде сапа белгісіне айнала алатынын дәлелдейді», – деді кәсіпорын басшысы Дилафруз Мадиева.

 

Түркістанда өткен ауқымды іс-шара өңірдің 200-ден астам үздік өндірушісінің басын қосты. Марапаттау рәсімі мен «Made in Turkistan: Export 2026» экспорттық форумына «Атамекен» ҰКП Төралқасының төрағасы Қанат Шарлапаев және Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысты.

Іс-шара барысында айтылғандай, бүгінде Түркістан облысында халықты жұмыспен қамтып отырған 200 мыңнан астам кәсіпкер жұмыс істейді.

«Мемлекет оларға жүйелі түрде қолдау көрсетіп келеді. Тек «Іскер Ана» бағдарламасы аясында өңірде жалпы сомасы 900 миллион теңгеден асатын 16 жоба жүзеге асырылды. Түркістандықтардың дәстүрлі еңбекқорлығы заманауи технологиялармен және сапаға қойылатын жоғары талаптармен ұштасқанда, біздің өндірушілер Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де бәсекеге қабілетті бола түседі», – деді Қанат Шарлапаев марапаттау рәсімінде.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің айтуынша, өңір экспортының 36%-дан астам өсуі отандық кәсіпорындар шығаратын өнімдерге сұраныс бар екенін көрсетеді. Ал мұндай байқаулар шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі толық өндірістік тізбекті қалыптастыруға және түркістандық брендтердің жоғары деңгейін көрсетуге мүмкіндік береді.

Балмұздақ, кондитерлік өнімдер мен мұздатылған жартылай фабрикаттар желісін дамытып келе жатқан «Ленгерское» өнім жеткізу географиясын белсенді түрде кеңейтуде. Бүгінде компания өнімдері Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Қытайға экспортталады. Осылайша, «Ленгерское» Оңтүстік Қазақстанның тамақ өнеркәсібіндегі жетекші кәсіпорындардың бірі ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.