KZNEWS.KZ
Қоғам

Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында үш өрт тіркелді

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 30 қазанда 3 орман өрті дерегі тіркелді.Өрт ошақтары мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің жерүсті бақылау жұмыстарын жүргізуі барысында анықталды, деп хабарлайды kznews.kz

Өрт ошақтарын ауыздықтау үшін оқиға орнына арнайы техника мен жеке құрам мамандары дереу жұмылдырылды. Солтүстік Қазақстан облысында, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде және Алакөл мемлекеттік табиғи қорығында бір-бірден өрт тіркелді. Солтүстік Қазақстан облысы мен «Бурабай» МҰТП аумағындағы өрт толық сөндірілді. Ал Алакөл мемлекеттік табиғи қорығында өртті сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →