KZNEWS.KZ
Экономика

Қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

• Асқар Алтайұлы
Фото: GOV.KZ

Акциялар аясында азық-түлік пен өзге де тауарлар арнайы бағамен сатылып, кейбір өнімдерге 50 пайызға дейін жеңілдік ұсынылған. Тұрғындар мерекелік ұсыныстарды дүкендерден де, онлайн платформалардан да пайдалана алады, деп хабарлайды kznews.kz.

Науқан сауда-ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлерін, бөлшек сауда желілері мен отандық маркетплейстерді қамтиды. Атап айтқанда, Republic Day акциясына 232 сауда-ойын-сауық орталығы, сауда орталығы және сауда үйі қосылған. Bereke Fest аясында 417 желілік дүкен сатып алушыларға жеңілдіктер ұсынып отыр.

Акцияға қатысушы сауда орындарының тізімі мен мекенжайлары өңір әкімдіктерінің ресми сайттарында жарияланған. Өз өңіріңіздегі жеңілдік ұсынатын дүкендер туралы ақпаратты мына сілтемеден таба аласыз.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →