"Бір жалақыға өмір сүргір..." : басшы мен жұмысшының табыс айырмасы 6 еседен асты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің жеке видеоларын 700 мың теңгеге “бағалаған“

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің жеке видеоларын 700 мың теңгеге “бағалаған“
фото: ашық дереккөз

Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақтөбеде бұрын жақын қарым-қатынаста болған әйелден ақша бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz

Polisia.kz мәліметінше, ер адам интимдік сипаттағы бейнежазбаны туыстары мен таныстарына таратамын деп қорқытып, 700 мың теңге талап еткен. Күдіктіні жәбірленушіден ақша алу кезінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады.

Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тағы бір бопсалау дерегі

Хромтауда полицейлер шахтада жұмыс істейтін танысынан 500 мың теңге бопсалады деген күдікпен тағы бір ер адамды ұстады. Тергеу нұсқасы бойынша, жас жаттықтырушы ешқандай заңды негізсіз ақша талап етіп, бас тартқан жағдайда жәбірленушіні күш қолданамын деп қорқытқан.

Ол да ақша алу кезінде ұсталды.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.