KZNEWS.KZ
Қоғам

Қазақстандық атлет Азиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды kznews.kz

“Отандасымыз жарысты 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесімен аяқтады. Мәреге екінші болып қытайлық Даньцзэн Цюйцзун жетті – 3:26:09. Тағы бір қытайлық спортшы Ма Ли 3:32:26 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді”, – делінген Ұлттық олимпиадалық комитет хабарламасында.

Бұл – Қазақстан құрамасының Азиада-2026 ойындарындағы тоғызыншы алтын медалі.

Ерлер арасындағы жарыста Георгий Шейко алтыншы орын алды.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →