KZNEWS.KZ
Әлеумет

Қазақстанда жәрдемақы алуға құқығыңызды тексеретін онлайн-калькулятор пайда болды

• Азамат Қойшығара
www.istockphoto.com

Оның көмегімен азаматтар өз отбасыларының қай санатқа жататынын және мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерге үміткер бола алатынын біле алады, деп хабарлайды kznews.kz

Қазіргі уақытта онлайн-калькулятор eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Ол отбасының әлеуметтік жағдайына қатысты мәліметтерді тексеруге мүмкіндік береді.

Қазақстанда әлеуметтік төлемдерді тағайындау жүйесіне өзгерістер енгізіліп жатыр. Жаңа тәсіл бойынша отбасылар әл-ауқат деңгейіне қарай бес санатқа бөлінеді: A, B, C, D және E.

Отбасының қай санатқа жатқаны мемлекеттік көмектің тағайындалуына және оның мөлшеріне әсер етуі мүмкін. Яғни әлеуметтік қолдау әр отбасының нақты жағдайын ескере отырып көрсетілмек.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің түсіндіруінше, бұл өзгерістердің негізгі мақсаты – мемлекеттік көмектің атаулылығын арттыру. Басқаша айтқанда, әлеуметтік төлемдер ең алдымен оған мұқтаж азаматтарға бағытталуы тиіс.

Онлайн-калькулятор азаматтарға өздерінің әлеуметтік әл-ауқат санатын алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Алайда калькулятор көрсеткен нәтиже жәрдемақының міндетті түрде тағайындалатынын білдірмейді. Төлем алу құқығы қолданыстағы талаптарға сәйкес айқындалады.

Отбасының әлеуметтік әл-ауқат санатын тексеру үшін eGov Mobile қосымшасын пайдалануға болады.

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →