Банктерде 52 триллион теңге бар: Тоқаев бұл қаржы енді экономикаға жұмыс істеуі керек деп санайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда мұғалімдер толтыратын міндетті құжаттар 25-тен 5-ке дейін қысқартылады

Қазақстанда мұғалімдер толтыратын міндетті құжаттар 25-тен 5-ке дейін қысқартылады
ашық дереккөз

Қазақстанда педагогтер жүргізуге міндетті құжаттар санын 25-тен 5-ке дейін қысқарту жоспарланып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазақстанда педагогтер жүргізуге міндетті құжаттар санын 25-тен 5-ке дейін қысқарту жоспарланып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Мұғалімдерге қандай бес құжат қалуы мүмкін?

Министрдің айтуынша, 2020 жылы №130 бұйрықпен білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізуге міндетті 25 құжаттың тізімі бекітілген. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұл тізімді қысқарту көзделіп отыр.

Ұсынылған тізімге мына бес құжат кіреді:

Сабақ жоспары.

Оқушылардың үлгерімі туралы мәліметтер енгізілетін онлайн журнал.

Қосымша білім беру педагогтеріне арналған сабақтан тыс жұмысты есепке алу журналы.

Сынып жетекшілерінің «Адал азамат» бағдарламасын іске асыру жоспары.

Сұраныс бойынша оқушыларға берілетін мінездеме.

Осы өзгерістерді енгізу үшін тиісті нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер енгізіледі. Демек, құжаттар саны әзірге ресми түрде қысқартылған жоқ, министрлік бұл бастаманы жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Мектептерде 70-тен астам цифрлық жүйе қолданылады

Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру саласындағы цифрлық жүйелердің тиімділігіне де талдау жүргізген. Оның мақсаты – қайталанатын функцияларды анықтау, деректерді біріктіру және шығындарды оңтайландыру.

Талдау нәтижесінде мектептерде 70-тен астам цифрлық жүйе мен сервис қолданылатыны анықталған. Бір өңірге орта есеппен онға жуық жүйеден келеді.

Бұл жүйелер электрондық журналдар мен күнделіктерді жүргізу, оқушылардың білімін бағалау, мемлекеттік қызметтер көрсету және оқушылар контингентін есепке алу үшін пайдаланылады.

Осыған байланысты министрлік бірыңғай цифрлық архитектура қалыптастыру жұмысын жүргізіп жатыр. Оның негізгі құрамдас бөлігі Ұлттық білім беру деректер базасы болмақ.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі