KZNEWS.KZ
Аймақ

Қазақстанда қазан мен қараша айы жылы болады

• Жарқын Омаров
Фото: Pixabay

Қазақстанның басым бөлігінде қазан айындағы ауа температурасы климаттық нормадан 1–2 градусқа жоғары болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде қазан айындағы ауа температурасы климаттық нормадан 1–2 градусқа жоғары болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.

Шығыс Қазақстан облысында, Павлодар облысының солтүстік-шығысында және Абай облысында ауа температурасы климаттық нормаға жақын болады деп күтілуде. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері әдеттегі деңгейде сақталады. Ал Қазақстанның қиыр батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашын нормадан көп түсуі мүмкін.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыстың жазық аймақтарында, орталық облыстардың оңтүстігінде және Абай облысында жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады деп болжануда.

Қараша айына қатысты ұзақмерзімді болжамға тоқталған министр оның да жылы болатынын айтты.

«Ұзақмерзімді болжамға сәйкес, қараша айы жылы болады. Ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1–2 градусқа жоғары болады деп күтілуде. Солтүстік Қазақстан облысында, сондай-ақ Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарының солтүстігінде жауын-шашын мөлшері көп болады деп болжануда», – деді Әлібек Қуантыров.

Министрдің айтуынша, құрғақшылық солтүстік өңірлерден басқа ел аумағының басым бөлігін қамтыған. Ең ұзақ құрғақ кезеңдер Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Абай облыстарында және Жетісу облысында тіркелген.

Айта кетейік, 2026 жылдың басынан бері «Қазгидромет» ауа райын болжау кезінде жасанды интеллект элементтері бар цифрлық құралдарды қолданады. WRF моделі 48 сағаттан 10 тәулікке дейінгі мерзімге ауа райы болжамын есептейді.

.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →