“Бұл қаланы жақсы көремін“ - Рыбакина Алматы туралы жылы лебіз білдірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда ең арзан пәтер қай қалада?

Қазақстанда ең арзан пәтер қай қалада?
Фотоиллюстрация: Kznews

Қазақстанда жаңа үйлердегі пәтерлер бір жылда шамамен 11 пайызға қымбаттаған. Ең арзан баспана Орал мен Ақтөбеде сатылса, ең жоғары баға Астана мен Алматыда тіркелген.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрі орта есеппен 626 мың теңге тұрады, деп хабарлайды kznews.kz. Ең қымбат пәтерлер Астанада, елордада жаңа баспананың әр шаршы метрі орта есеппен 745 мың теңгеге бағаланған. Алматыда бұл көрсеткіш 739 мың теңгені құрайды.

Ал ең төмен баға Оралда тіркелген – бір шаршы метрі 339 мың теңге. Ақтөбеде жаңа пәтердің шаршы метрі орта есеппен 356 мың теңге тұрады. Осылайша, ең арзан және ең қымбат қалалардағы баға айырмасы екі еседен асады.

Мәселен, осы орташа бағамен есептегенде, ауданы 60 шаршы метр пәтер Оралда шамамен 20,3 миллион теңге, ал Астанада 44,7 миллион теңге болады. Нақты құны тұрғын үйдің орналасуына, санатына және әрлеуіне байланысты өзгеруі мүмкін.

Бір жыл ішінде жаңа баспана бағасы ең қатты Түркістанда өскен – 19,4 пайыз. Одан кейін Алматы тұр: мұнда пәтерлер 16,5 пайызға қымбаттаған. Ақтөбеде баға 13,5 пайызға, Көкшетауда 11,8 пайызға, Астанада 10,1 пайызға көтерілген. Ең төмен өсім Жезқазғанда тіркелген – небәрі 1 пайыз.

Сұраныс азайса да, пәтер неге арзандамайды?

Құрылыс саласының сарапшысы Диляра Сейтнурова Zakon.kz порталына берген пікірінде жаңа баспана бағасын ұстап тұрған негізгі фактор сұраныс емес, құрылыстың өзіндік құны екенін айтқан.

Оның түсіндіруінше, құрылыс материалдарының қымбаттауы мен қаржыландыру шығындары пәтердің соңғы бағасына қосылады. Құрылыс компаниялары ұсынатын бөліп төлеудің де шығыны шаршы метр құнына енгізілген.

Сарапшы жаңа құрылысқа қатысты 16 пайыздық ҚҚС әсері қазіргі жобалар аяқталатын 2027–2028 жылдары бағада көрініс табады деп есептейді. Сондықтан сатып алушылар азайған күннің өзінде, құрылыс компаниялары пәтерді өзіндік құнынан төмен сатуға бармайды.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.