Қазақстан құрамасы Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында кезекті алтын медальді жеңіп алды. Академиялық ескек есуден ерлер арасындағы жұптық сында Владислав Яковлев пен Иван Чернухин топ жарып, ел қоржынына сегізінші алтын жүлдені салды, деп хабарлайды kznews.kz
Осылайша Яковлев пен Чернухин Азия ойындарының чемпионы атанды.
Жарыста Қытай құрамасының спортшылары екінші орынға тұрақтап, күміс медаль иеленді. Ал Өзбекстан өкілдері үздік үштікті түйіндеп, қола жүлдеге қол жеткізді.
Бұл медаль Қазақстан делегациясының Жапониядағы Азиадада жеңіп алған сегізінші алтыны болды. Ел спортшылары құрлықтың басты додасында бірнеше спорт түрінен жүлде үшін бәсекеге түсіп жатыр.
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтуде. Құрлықтық додаға Азия елдерінің үздік спортшылары қатысып, спорттың көптеген түрінен бақ сынауда.