Марко Рубио: Путин Украинадағы соғыста жеңіске жете алмайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан құрамасы Азиадада сегізінші алтын жүлдеге қол жеткізді

Қазақстан құрамасы Азиадада сегізінші алтын жүлдеге қол жеткізді
Фото: Нұрғали Жұмағазы / ҰОК

Қазақстандық спортшылар жарыс барысында жоғары нәтиже көрсетіп, 6 минут 25,13 секундта мәре сызығын бірінші болып қиды

Қазақстан құрамасы Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында кезекті алтын медальді жеңіп алды. Академиялық ескек есуден ерлер арасындағы жұптық сында Владислав Яковлев пен Иван Чернухин топ жарып, ел қоржынына сегізінші алтын жүлдені салды, деп хабарлайды kznews.kz

Осылайша Яковлев пен Чернухин Азия ойындарының чемпионы атанды.

Жарыста Қытай құрамасының спортшылары екінші орынға тұрақтап, күміс медаль иеленді. Ал Өзбекстан өкілдері үздік үштікті түйіндеп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұл медаль Қазақстан делегациясының Жапониядағы Азиадада жеңіп алған сегізінші алтыны болды. Ел спортшылары құрлықтың басты додасында бірнеше спорт түрінен жүлде үшін бәсекеге түсіп жатыр.

Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтуде. Құрлықтық додаға Азия елдерінің үздік спортшылары қатысып, спорттың көптеген түрінен бақ сынауда.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.