KZNEWS.KZ
Спорт

Қазақстан ауыр атлетикадан Азиадада күміс медаль иеленді

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Ауыр атлет Аянат Жұмағали Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды kznews.kz

Қазақстандық ауыр атлет Аянат Жұмағали Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында сәтті өнер көрсетті.

Отандасымыз әйелдер арасында 77 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Ол жұлқа көтеруде 109 келіні, серпе көтеруде 137 келіні бағындырды. Осылайша Аянат қоссайыс қорытындысы бойынша 246 келіні еңсерді.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →