KZNEWS.KZ
Қоғам

Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Көгалдандыру жұмысы республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды kznews.kz

Терек, қарағаш, шаған, үйеңкі және сары қараған көшеттері қаланың батыс бөлігіндегі тұрғын алабының қорғаныш орман белдеуіне, сондай-ақ Жезқазған-Сәтбаев автожолының бойына отырғызылды.

Жұмыс «Қазақмыс» компаниясы мен Ұлытау облысының әкімдігі арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылды. Отырғызу алдында мамандар аумақты дайындап, көшет егілетін орындарды әзірледі.

Жаңа жасыл желек қорғаныш аймақтарын қалыптастыруға, қалалық ортаны жақсартуға және автомобиль жолына іргелес аумақты көгалдандыруға мүмкіндік береді. Өңірдің қуаң климатын ескерсек, ағаштардың жерсінуін қамтамасыз етіп, оларды күтіп-баптаудың маңызы зор.

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамаларына қатысу Қазақмыс жұмыскерлерін ортақ мақсатқа біріктіреді. Бұл – өңірдегі қалалар мен елді мекендерді жасыл желекке оранған және өмір сүруге қолайлы ортаға айналдыру.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →