Шакира үшін Бішкекке барамыз: шетелдік билет сатып алушылардың арасында қазақтар көш бастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақмыс ЖБФ-ның тұрмыстық инфрақұрылымын жаңартуға 218 млн теңгеден астам қаржы бөлді

Қазақмыс ЖБФ-ның тұрмыстық инфрақұрылымын жаңартуға 218 млн теңгеден астам қаржы бөлді

Жаңарту жұмысы жұмыскерлердің күнделікті пайдаланылатын нысандарын қамтиды.

Қазақмыс Жезқазған байыту фабрикасының әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымын кешенді жаңарту жұмысын жүргізіп жатыр. Жезқазған байыту фабрикасының №1, №2 және №3 әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарын, сондай-ақ медициналық пунктін жөндеуге 218,6 млн теңгеден астам қаржы бағытталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Атап айтқанда, жуынатын бөлмелер, киім ауыстыратын орындар, санитарлық-тұрмыстық аймақтар және әкімшілік-тұрмыстық корпустардағы басқа да бөлмелер заман талабына сәйкестендірілуде.

Сонымен қатар ғимараттардың шатырлары мен қасбеттері жөнделіп, инженерлік коммуникация жаңартылуда.

Жұмыстың негізгі бөлігі №1 және №2 әкімшілік-тұрмыстық корпустарда жүргізілуде. Мұнда жуынатын бөлмелер мен киім ауыстыратын орындар кешенді жөндеуден өтіп, санитарлық бөлмелер, баспалдақ алаңдары, шатыр мен ғимараттың қасбеті мен жертөлесі жаңартылуда. №3 әкімшілік-тұрмыстық корпуста санитарлық бөлмелер, дәліз және баспалдақ алаңы әдемі қалыпқа келтірілді.

Жобаның жеке бағыты – Жезқазған байыту фабрикасының медициналық пунктін жаңарту. Ғимараттың ішкі бөлмелері, шатыры мен қасбеті жөнделіп, жылыту, кәріз және электрмен жабдықтау жүйелері жаңартылуда. Сондай-ақ жаңа сантехникалық жабдықтар орнатылуда.

Жұмыс бекітілген кестеге сай кезең-кезеңімен жүргізілуде.

2026 жылы «Қазақмыстың» жаңа басқарушы командасы еңбек жағдайын жақсарту мен кәсіпорындардың инфрақұрылымын жаңартуды басым бағыттардың бірі ретінде белгіледі. Компания өндірістік нысандармен қатар жұмыскерлер күнделікті пайдаланатын әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды да қамтитын бағдарламаны жүзеге асырып жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.