2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев геология саласын трансформациялау, жер қойнауын зерттеудің заманауи технологияларын енгізу, геологиялық деректердің қолжетімділігін арттыру және еліміздің минералдық-шикізаттық әлеуетін толық ашу қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды kznews.kz
Жаңғыртудың негізгі бағыттары:
🔹 Жасанды интеллект — Жезқазған қаласындағы Геологиялық кластерде керн сынамаларын зерттеу және геологиялық деректердің дәлдігін арттыру үшін ANCORELOG және LithoLens кешендері қолданылады;
🔹 Цифрлық мониторинг — 50 бірлік бұрғылау техникасы онлайн-мониторинг жүйесімен жабдықталған. Шалғайдағы учаскелерде Starlink спутниктік байланысы пайдаланылады;
🔹 Үш өлшемді модельдеу — Micromine бағдарламалық жасақтамасын қолдану аясы кеңейтілуде. Micromine Origin & Beyond бағдарламасымен жұмыс істеуге шамамен 400 маманды оқыту жоспарланған. Сонымен қатар геологиялық ақпаратты орталықтандырылған түрде сақтау және талдау үшін Geobank жүйесі енгізілуде;
🔹 Өндірістік нәтижелер — 2026 жылдың 10 айында корпорация жобалары бойынша жалпы ұзындығы 71,7 мың қума метр бұрғылау жұмысы орындалды. Зерттеулер Жезқазған кен орнында, Жомарт, Абыз, Нұрқазған және Қажықонған кеніштерінде, сондай-ақ басқа да перспективалы учаскелерде жүргізілді;
🔹 Кадр даярлау — Ұлытау университетімен бірлесіп, инженерлік-техникалық мамандарды даярлау жүйесі дамытылуда. 2026 жылғы қыркүйекте алғашқы лекке 163 студент қабылданды. Олардың 103-і – «Қазақмыстың» қазіргі жұмыскерлері.
Геологиялық барлау саласын жаңғырту жасанды интеллектті, цифрлық модельдеуді, зерттеу жұмыстарының көлемін арттыруды және кадрлық әлеуетті дамытуды біріктіреді. Бұл кешенді тәсіл геологиялық барлау тиімділігін арттыруға және компанияның минералдық-шикізат базасын нығайтуға бағытталған.