Еуропалық Porschist журналының Қазақстан туралы арнайы саны жарыққа шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Kazakhmys Smelting ұжымы 2026 жылғы 15 наурызда жалпыхалықтық референдумға шығарылатын Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын қолдайтынын білдірді

Kazakhmys Smelting ұжымы 2026 жылғы 15 наурызда жалпыхалықтық референдумға шығарылатын Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын қолдайтынын білдірді

Өндірісте әр бөлімше мен әр қызметкердің еңбегі қаншалықты маңызды болса, мемлекет деңгейінде де әр азаматтың ұстанымы елдің ортақ болашағын айқындайды. Тұрақты әрі қуатты Қазақстан заң үстемдігіне, әділдікке, адам құқығын құрметтеуге және қоғамдық келісімге негізделіп құрылады, деп хабарлайды kznews.kz.

Кәсіпорын металлургтерінің айтуынша, жаңа Конституция жобасы еңбек адамына деген көзқарасты нақты деңгейде айқындайды.

«Біз үшін ең бастысы – қауіпсіз еңбек. Жұмысшының өмірі мен денсаулығы бәрінен жоғары тұруы тиіс. Әділ жалақы, кемсітушіліктің болмауы, тұрақты әлеуметтік қорғау және демалыс құқығы - бұл жай талап емес, бұл - нақты кепілдік болуы керек», – деп атап өтті өндіріс өкілдері.

Жаңа Конституция жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, әлеуметтік жауапкершілікті күшейтуді және еңбек адамының мәртебесін арттыруды көздейді.

15 наурызда өтетін референдум – баршамыз үшін маңызды күн.

Балқаш мыс балқыту зауытының ұжымы оны елдің болашағына бағытталған жауапты таңдау деп санайды.

Еңбек адамы – елдің тірегі.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.