Ерболат Досаев Ақордадағы қызметінен неге кетті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Kazakhmys Smelting соңғы 10 жылдағы ең жоғары өндірістік көрсеткішке жетті

Kazakhmys Smelting соңғы 10 жылдағы ең жоғары өндірістік көрсеткішке жетті
Фото: Қазақмыс

Kazakhmys Smelting металлургиялық компаниясы өткен жылды тарихи рекордпен қорытындылап, Жезқазғандағы зауытта зиянды қалдықтарды 90 пайызға дейін азайтатын жаңа күкірт қышқылы кешенін іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Кәсіпорын 2025 жылдың қорытындысы бойынша технологиялық үрдістерді тұрақтандырып, жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы тазартылмаған мыс өндірісін 13 пайызға, ал күкірт қышқылын өндіруді 11 пайызға арттырып, соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Шикізат өңдеу деңгейі тарихи максимумға жеткен өндіріс орны биыл да материалмен тұрақты қамтамасыз етілген жағдайда жұмыс қарқынын одан әрі ұлғайтуды көздеп отыр.

Өндіріс көлемі артқан сайын компания құрылғыларды жаңғыртып, экологиялық талаптарды сақтауға басымдық беріп келеді. Осы бағыттағы негізгі жобалардың бірі саналатын Жезқазған мыс балқыту зауытындағы жаңа күкірт қышқылы кешені іске қосылған кезде қалдық газдарды қайта өңдеу деңгейі артып, күкірт диоксиді шығарындылары едәуір төмендейді.

Жалпы металлургиялық дивизион өндіріс көлемін өсірумен қатар техникалық қуатты жаңартуды және қоршаған ортаға тиетін зиянды біртіндеп азайтуды басты назарда ұстайды. Кәсіпорын өкілдері ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілікті сақтап қалу үшін осы техникалық және экологиялық жаңғырту жұмыстары негізгі құрал болатынын мәлімдеді.

Автор
Абзал Бахытжан

Абзал Бахытжан