Қазақ телевизиясының дамуына зор үлес қосқан ардагер диктор Зұлқия Жұматова 107 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды kznews.kz.
Ол 12 жыл бойы жаңалықтар мен түрлі телебағдарламаларды жүргізіп, көрерменге танылды. Сондай-ақ Мұхтар Әуезовтен сұхбат алып, балаларға арналған өлеңдер мен ертегілер жазған.
Ардагер диктордың өмірі мен еңбегі қазақ телевизиясының қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Оның артында ұлттық тележурналистиканың дамуына қосқан елеулі үлесі қалды.