"Соғыс шебінен жеті адам шығарылды": Мейірман Шекеев қуанышты жаңалық жариялады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақ анимациясының дамуына үлес қосқан белгілі суретші өмірден өтті

Қазақ анимациясының дамуына үлес қосқан белгілі суретші өмірден өтті

Қазақстандық белгілі суретші-аниматор, ұстаз Алтынбек Өмірзақов дүниеден өтті. Ол қазақ мультипликациясының негізін қалаушы Әмен Қайдаровтың алғашқы шәкірттерінің бірі болған.

Қаралы хабарды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы мен «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі жеткізді. Ұйым өкілдері марқұмның отбасы мен жақындарына, әріптестеріне көңіл айтты.

Алтынбек Өмірзақов саналы ғұмырын ұлттық анимация өнерінің дамуына арнаған. Ол қазақ мультипликациясының қалыптасу кезеңінен бастап осы салада еңбек етіп, отандық анимация мектебінің өркендеуіне үлес қосты.

Суретші шығармашылық қызметімен қатар ұстаздықты да қатар алып жүрген. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжінде ұзақ жылдар сабақ беріп, болашақ аниматорларды тәрбиеледі.

Ол шәкірттеріне ұлттық анимацияның ерекшеліктерін үйретіп, Әмен Қайдаров қалыптастырған шығармашылық дәстүрдің жалғасуына еңбек сіңірді.

«Қазақфильм» мен «Қазақанимация» өкілдері Алтынбек Өмірзақовтың өнерге қосқан үлесі мен ұстаздық еңбегі қазақ анимациясының тарихында сақталатынын атап өтті.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер