KZNEWS.KZ
Әлем

Катарда бұрынғы әмірдің қайтыс болуына байланысты төрт күндік аза тұту жарияланды

• Қайсар Қанат
Global Look Press/Shen Hong

Катардың бұрынғы әмірі шейх Хамад бин Халифа Әл Танидің дүниеден өтуіне байланысты елде төрт күндік жалпыұлттық аза тұту жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.

13 шілдеден бастап Катардағы министрліктер, мемлекеттік мекемелер, ұйымдар және мемлекетке қарасты құрылымдар жұмысын уақытша тоқтатады. Қызметкерлер 19 шілдеде қайта қызметіне кіріседі.

Аза тұту күндері ел аумағындағы барлық мемлекеттік ту төмен түсіріледі.

74 жасында өмірден өткен шейх Хамад бин Халифа Әл Таниді ақтық сапарға шығару рәсімі ақшам намазынан кейін Дохадағы имам Мұхаммед бин Абд әл-Уаххаб мешітінде өтеді. Марқұмның денесі Лусаил зиратына жерленеді.

Шейх Хамад бин Халифа Әл Тани Катардың жетінші әмірі және Әл Тани әулетінен билікке келген үшінші тұлға болған.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →