Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, 2025 жылдың 20 наурызында күдікті кішкентай қызының денесіне бірнеше рет қолымен соққы жасаған. Ауыр жарақат алған бала комаға түсіп, бір ай бойы есін жимастан ауруханада көз жұмған.
Оқиғаға байланысты әйелге Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 111-бабының 4-бөлімі — «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, бұл абайсызда адам өліміне соқтырса» — бойынша айып тағылды. Тергеушілердің қамауға алу туралы өтініші қанағаттандырылып, сот 21 мамырға дейін оны қамауда ұстау туралы шешім қабылдады.