KZNews.kz
Техно

Kaspi.kz жаңа функциясын таныстырды: енді төлемді алақанмен жасауға болады

Айжан Сыланова

Жаңа технология арқылы енді төлемді карта мен телефонсыз тек қолдан жасауға мүмкіндік бар.

Жаңа мүмкіндіктің жұмысын көрсету үшін сахнаға UFC жауынгері Шавкат Рахмонов шақырылды. Ол сахнада қол массажерін сатып алып, төлемді дәл осы жаңа жүйе арқылы жасады. Құрылғының бағасы 42 900 теңге болса да, символдық түрде 99 теңгеге сатылған.

«Бұл смартфоннан да жылдам төлем жасау тәсілі», — деді Михаил Ломтадзе.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →