Kaspi.kz Таяу Шығыстағы қақтығыс нәтижесінде елге қайта алмай қалған клиенттерін қолдауды бастады, деп хабарлайды kznews.kz.
Kaspi Travel арқылы тур немесе барып қайтуға ұшақ билетін сатып алып, қазіргі уақытта Таяу Шығыс елдерінде жүрген немесе сол жерде транзиттік жолаушы ретінде қалып қойған клиенттерге материалдық көмек көрсетеді.
Сол өңірде мәжбүрлі түрде қалған кезеңде Kaspi Gold-қа күн сайын:
* әр ересек адамға – тәулігіне 35 000 ₸
* әр балаға тәулігіне – 15 000 ₸ материалдық көмек аударылады.
Kaspi тұрақты байланыста болып, өз клиенттеріне қолдау көрсету үшін барлық қажетті шараны қолданады.
