KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Каспийдегі трагедиядан аман қалған Бекет Қуандыққа жылқы сыйлады

• Қайсар Қанат
Фото: instagram.com/beket.kuandyk

Бекет бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, сый жасаған ағалары мен бауырына алғыс білдірді.

"Құрмаш аға, Ернұр бауырым, жылқы сыйлағандарыңызға көп рақмет! Ниеттеріңізге Алла разы болсын. Жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеп қайтсын!" – деп жазды ол.

Бекет Қуандық – Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы жағдайдан аман қалған сарбаздардың бірі.

Бұған дейін ол қаза тапқан қаруластарына арнап көңіл айтып, олардың ерлігі мен жарқын бейнесі жүрегінде мәңгі сақталатынын жазған еді.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →