13 жастағы қызға интимдік ұсыныс жасаған: Ақтауда мектеп күзетшісі күдікке ілінді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Каспийдегі трагедиядан аман қалған Бекет Қуандыққа жылқы сыйлады

Каспийдегі трагедиядан аман қалған Бекет Қуандыққа жылқы сыйлады
Фото: instagram.com/beket.kuandyk

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаз Бекет Қуандыққа жақындары жылқы сыйлады.

Бекет бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, сый жасаған ағалары мен бауырына алғыс білдірді.

"Құрмаш аға, Ернұр бауырым, жылқы сыйлағандарыңызға көп рақмет! Ниеттеріңізге Алла разы болсын. Жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеп қайтсын!" – деп жазды ол.

Бекет Қуандық – Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы жағдайдан аман қалған сарбаздардың бірі.

Бұған дейін ол қаза тапқан қаруластарына арнап көңіл айтып, олардың ерлігі мен жарқын бейнесі жүрегінде мәңгі сақталатынын жазған еді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер