Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан әскери қызметшілер теңізге ағып кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, суға 19 адам түскен. Тоғыз әскери қызметші қаза тапқан, үшеуі құтқарылған. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Тағы жеті әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Іздеу-құтқару операциясына Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелері, Төтенше жағдайлар министрлігі, авиация және басқа да қызметтер жұмылдырылған.
Оқиға орнына Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов бастаған ведомство комиссиясы аттанды. Комиссия қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап, іздеу жұмыстарын үйлестіреді.
Қорғаныс министрлігі қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтып, оларға қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі қазақстандық секторда "Хазар Қорғаны – 2026" әскери-теңіз оқу-жаттығуы өтіп жатқанын хабарлаған. Оған әскери кемелер мен катерлер, гидрографиялық кемелер, ҰҚК Шекара қызметінің кемелері және авиация қатысуы тиіс болатын.