Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен әскери борышын атқару кезінде ерлік пен жанқиярлық көрсеткен бір топ әскери қызметші "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.
Марапат алғандардың қатарында 29011 әскери бөлімінде қызмет ететін үш әскери қызметші бар.
Атап айтқанда, "Ерлігі үшін" медалі:
- 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы) Бекет Бақтыбекұлы Қуандыққа;
- 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы) Ақжол Тимурұлы Темірханға;
- 29011 әскери бөлімінің маманы, санитариялық нұсқаушы Никита Александрович Удаловқа табысталды.
Үшеуі де әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградаға ие болды.