KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздың анасы өтінішін айтты

• Қайсар Қанат
Фото: instagram.com/mangystau_oblysynyn_akimdigi

Оның сөзінше, отбасы Ақжолды басқа жерге жібермей, тікелей үйіне жеткізуді сұрап отыр.

"Тіке үйге алып кетсем деймін. Баланы әр жаққа алып кетпей осы жерден тек үйге алып кеткім келеді. Бізге басқа ештеңе керек емес", деді шошынған ана.

Сарбаздың әкесі де отбасының осы өтінішін жеткізді. Оның айтуынша, Ақжол әскери қызметтен 3 қазанда оралуы керек болған.

"Қазанның үшінде қайтуы керек болған. Ол туралы кешегі сұхбатымда айттым. Марқұм сарбаздарың үйіне үлгергенімізше кіріп шығып жатырмыз", деп қосты сарбаздың әкесі.

Ақжол Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде аман қалған үш әскери қызметшінің бірі. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →