“Кроссовкасы үлгіге сай емес”: Қазақстандық спортшы Азиададағы алтын медалінен айырылып қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздың анасы өтінішін айтты

Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздың анасы өтінішін айтты
Фото: instagram.com/mangystau_oblysynyn_akimdigi

Маңғыстаудағы қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаз Ақжолдың анасы ұлын ауруханадан шыққан соң бірден үйіне алып кеткісі келетінін айтты.

Оның сөзінше, отбасы Ақжолды басқа жерге жібермей, тікелей үйіне жеткізуді сұрап отыр.

"Тіке үйге алып кетсем деймін. Баланы әр жаққа алып кетпей осы жерден тек үйге алып кеткім келеді. Бізге басқа ештеңе керек емес", деді шошынған ана.

Сарбаздың әкесі де отбасының осы өтінішін жеткізді. Оның айтуынша, Ақжол әскери қызметтен 3 қазанда оралуы керек болған.

"Қазанның үшінде қайтуы керек болған. Ол туралы кешегі сұхбатымда айттым. Марқұм сарбаздарың үйіне үлгергенімізше кіріп шығып жатырмыз", деп қосты сарбаздың әкесі.

Ақжол Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде аман қалған үш әскери қызметшінің бірі. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер