KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Каспийдегі іздеу жұмыстары: Тағы екі әскери қызметшінің денесі табылды

Қайсар Қанат
Кеме. Көрнекі фото: gov.kz

Lada.kz тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша, іздеу-құтқару жұмыстары кезінде әскери оқу-жаттығу барысында жоғалып кеткен тағы екі әскери қызметшінің денесі судан шығарылған.

Қазіргі уақытта іздеу операциясы жалғасып жатыр.

Бұған дейін 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде қайғылы жағдай болғаны хабарланған.

Қорғаныс министрлігі бұған дейін тоғыз әскери қызметшінің қаза тапқанын ресми түрде растаған.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Қайғылы жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңадан табылған екі әскери қызметшіге қатысты қосымша ресми ақпарат мемлекеттік органдар тарапынан нақтылануы мүмкін.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →