KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Каспийдегі әскерилер қазасы: Үкіметтік комиссия құрамында кімдер бар?

Айжан Сыланова
Фото: El.kz/Марина РУЗМАТОВА/ ЖИ

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу себептерін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Комиссия Премьер-министр Олжас Бектеновтің өкімімен жасақталды. Оның құрамына Қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі, бірқатар министрлік басшылары, Бас әскери прокурор және Шекара қызметінің өкілдері кірді.

Үкімет басшысы комиссия төрағасы Қанат Бозымбаевқа оқиға орнына шұғыл барып, қайғылы жағдайдың себептерін жан-жақты тергеуді тапсырды. Сонымен қатар қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті көмек көрсетуді қамтамасыз ету міндеттелді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →