Каспий құбыр консорциумы мұнай жөнелтуді қайта тоқтатты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Каспий құбыр консорциумы мұнай жөнелтуді қайта тоқтатты

Каспий құбыр консорциумы мұнай жөнелтуді қайта тоқтатты
Фото: ашық дереккөздерден

Каспий құбыр консорциумы Қара теңізде екі танкерге жасалған шабуылдан кейін Қазақстан мұнайын тиеуді уақытша тоқтатты. Бұл туралы консорциумның баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, Маршалл аралдарының туымен жүзетін Nissos Sifnos танкері айлақта дрон шабуылына ұшырап, жүк палубасында өрт шыққан. Өрт танкер экипажы мен КҚК-ның қосалқы кемелерінің күшімен сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, мұнайдың теңізге төгілуіне жол берілмеген.

Сондай-ақ, Новороссийск теңіз терминалына бет алған Marathi танкеріне де терминалдан шамамен 11 шақырым қашықтықта шабуыл жасалғаны туралы хабарланды.

Осы оқиғалардан кейін КҚК қауіпсіздік мақсатында мұнай тиеу жұмыстарын қайта тоқтатты. Консорциум бірнеше күн бұрын ғана тиеуді қайта бастаған еді.

Айта кетейік, Каспий құбыр консорциумы Қазақстан мұнайын әлемдік нарыққа шығаратын негізгі экспорттық бағыттардың бірі. Осыған байланысты еліміздің Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесіп, КҚК төңірегіндегі жағдайды талқылады. АҚШ тарапы Қазақстан мұнайының аталған бағыт арқылы үздіксіз әрі сенімді тасымалдануы халықаралық энергетикалық қауіпсіздік үшін маңызды екенін мәлімдеді.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.