ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Аягөзде учаскелік полицей әжені бір өлімнен аман алып қалды

Аягөзде учаскелік полицей әжені бір өлімнен аман алып қалды

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында учаскелік полицей, аға лейтенант Айбек Бурмантаев 89 жастағы әжейді ажалдан арашалап қалды. Бұл туралы аталған өңірдің полиция департаменті хабарлады.

2020 жылдың қыс айында сағат 20.30 шамасында Айбек Бурмантаев өзіне бекітілген аумақта профилактикалық шаралар жүргізген. Осы кезде полицей Шәкенов көшесінің біріндегі үйден қою қара түтін шығып жатқанын байқаған.

Еш ойланбастан үйге кірген тәртіп сақшысы бөлмелердің бірінде ұйықтап жатқан әжейді тез арада сыртқа шығарған.

Ведомстводағылардың мәліметінше, 89 жастағы қария пештегі ақаудан бірнеше күн бойы от дұрыс жанбай келгенін айтыпты. Зейнеткер өзін өлімнен арашалап қалған полиция қызметкеріне алғысын жаудырған. Бұл жайттан кейін аға лейтенант Айбек Бурмантаев күн сайын қарт кісінің жағдайынан хабардар болып отыратын болған.

Автор
Данияр