Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Кәсіпкер балалар үйіне сый жасады

Кәсіпкер балалар үйіне сый жасады

Астана. 11 желтоқсан. KAZISLAM – Шығыс Қазақстан облысында жеке кәсіпкер балалар үйіне 1 млн 200 мың теңге көлемінде сый жасады. Мемлекеттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Үміт» балалар үйінің көркемөнерпаздары Күршім ауданындағы №3 гимназия мен №1 орта мектебінің кадет сыныптарының оқушыларымен кездесті, деп жазады Altaynews.kz.

Сонымен қатар балалар орталық мешітте аралап, аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Дулет Қажановпен кездесіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Кездесу соңында аудан әкімі әрбір бүлдіршінге естелік сыйлықтар табыстады.

Күршім ауданының тұрғындары бірнеше дүркін халықаралық байқауларға қатысып жүлдегер атанған, өте дарынды, аты әлемге танылған «Үміт» балалар үйі өнерпаздарының өнерлеріне тәнті болды. Лоскутов Влад, республикалық «Х-фактор»жобасының жеңімпазы, әнші Евгений Выблов және Уадинов Эльдар ән шырқап,халықтың көңілін көтерді.

Ал «Мойнақ»шаруа қожалығының басшысы Сейітбек Рахимов аудандағы кәсіпкерлер атынан өнерлі жас меймандарға 1 млн 200 мың теңгенің ауылшаруашылық өнімдерін табыстады.

Дереккөз: http://kazislam.kz/
Автор
Әлихан