"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Кәрістер ит етін жеуді күрт азайтты

Кәрістер ит етін жеуді күрт азайтты

Оңтүстік Корея тұрғындары иттің етін жеуден бас тарта бастады.

Бұдан тыс, билік жуырда иттерді қорғайтын заң қабылдамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ондаған жылдар бойы Оңтүстік Корея иттің етінен тамақ әзірлеу салтына байланысты сынға ұшырап келді. Жануарлардың құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық топтар иттерді шетелге, АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Канадаға жіберу арқылы олардың жанын сақтап қалып жүрді.

Humane Society International (HSI) ұйымының деректеріне сенсек, 2015 жылдан бері елдегі 13 фермадан 1600 ит құтқарылған. Соңғы жылдары Оңтүстік Кореяда иттің етін жейтіндер саны азая бастаған. 2005-2014 жылдар аралығында Сеулде иттің етінен тамақ әзірлейтін мейрамханалардың саны 40% қысқарған. Оның басты себебі - сұраныстың азаюы. Қараша айында Сеулдің жанында орналасқан Соннам қаласындағы ең ірі қасапхана жабылды. Онда жыл сайын мыңдаған ит бауыздалатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Автор
Санжар