Қоғам

Кәрім Мәсімовтің үйіндегі қымбат бұйымдар миллиондарға сатылды

Кәрім Мәсімовтің үйіндегі қымбат бұйымдар миллиондарға сатылды
Фото: exclusive

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (ҚАБК) 7 қазан күні Нұр-Сұлтандағы (қазіргі Астана) Мәсімовтің бұрынғы резиденциясынан алынған 10 түрлі коллекциялық бұйымды онлайн саудаға шығарды. Саудаға қойылған заттардың жалпы құны 3,5 миллион теңгеден асты.

Аукцион нәтижесінде 10 лоттың жетеуі сатып алынды. Олардың ішінде:

  • Montegrappa Italia брендіне тиесілі күміс қалам – 440 мың теңге;
  • Visconti Firenze қаламы (Құран сүрелерімен безендірілген) – 402 мың теңге;
  • Сүйек сапты қылыш – 930 мың теңге;
  • Сары металмен өрнектелген қылыш – 837 мың теңге;
  • Болат қанжар – 185 мың теңге;
  • Монета жинақтары («Алма отаны», «Астана», «Бәйтерек», «Қазақстан картасы») – 199 мың теңгешамасында;
  • Екі өзге коллекциялық монета – 83 мың теңге.

Ал кейбір заттар сатып алушысыз қалды. Олардың қатарында:

  • «Алтын адам»,
  • «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» сериясындағы монеталар,
  • «Шығыс күнтізбесі» мен «Қазақстан фаунасы» топтамалары,
  • және 183 мың теңгеге бағаланған былғары белдік бар.

Айта кетсек, бұл – ҚАБК ұйымдастырған екінші аукцион. Бұған дейін, 16 қыркүйекте өткен алғашқы саудадасатып алушылар табылмаған еді.

Бұған дейін хабарланғандай, Кәрім Мәсімовке тиесілі Астанадағы сарай үлгісіндегі үй әлеуметтік нысан ретінде пайдалануға берілмек. Тәркіленген мүліктердің қатарында 879 түрлі зат бар — соның ішінде жиһаздар, әшекейлер, коллекциялық монеталар мен сувенирлік қару-жарақтар қамтылған.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz