Жоғалған азаматтың есімі – Азамат Болатов. Қолда бар мәліметке сәйкес, ол үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған және жақындарымен байланысқа шықпаған.
Ер адамның жоғалғаны туралы ақпарат 14 қазанда жарияланып, оны іздестіру жұмыстары басталған.
Алайда екі күнге созылған іздеу шаралары қайғылы хабармен аяқталды. 16 қазанда Азамат Болатовтың өлі денесі табылғаны белгілі болды.
Әзірге ер адамның қандай жағдайда жоғалғаны және өліміне не себеп болғаны туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.