Бойжеткенге "қырыңдаймын" деп артынан аңдыған астаналық 10 тәулікке қамалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағандыда екі күн бойы іздестірілген ер адам өлі табылды

Қарағандыда екі күн бойы іздестірілген ер адам өлі табылды
Фото: depositphotos.com

Қарағандыда 14 қазаннан бері із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды. Екінші топтағы мүгедектігі бар азаматты іздеу жұмыстары екі күнге созылған.

Жоғалған азаматтың есімі – Азамат Болатов. Қолда бар мәліметке сәйкес, ол үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған және жақындарымен байланысқа шықпаған.

Ер адамның жоғалғаны туралы ақпарат 14 қазанда жарияланып, оны іздестіру жұмыстары басталған.

Алайда екі күнге созылған іздеу шаралары қайғылы хабармен аяқталды. 16 қазанда Азамат Болатовтың өлі денесі табылғаны белгілі болды.

Әзірге ер адамның қандай жағдайда жоғалғаны және өліміне не себеп болғаны туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер