Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Канело" промоутері үшінші жекпе-жектің қашан және қайда өтетінін айтты

"Канело" промоутері үшінші жекпе-жектің қашан және қайда өтетінін айтты

Мексикалық боксшының тарапы үшінші жекпе-жекті де Лас-Вегаста өткізгісі келеді


Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де ла Хойя Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің үшінші жекпе-жегін өткізуге қатысты келіссөздің басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Мексикалық боксшының тарапы үшінші кездесуді Лас-Вегаста "Синко де майо" мерекесінің құрметіне демалыста өткізгісі келеді. Бұған дейін олар "Канело" шаршы алаңға 4 мамырда оралуды жоспарлап отырғанын хабарлаған еді.

"Жуырда мен Головкиннің адамдарымен алғашқы келіссөзді жүргіздім. Біз үшінші жекпе-жекті Лас-Вегастағы бокс үшін ең айтулы дата болатын "Синко де майо" мерекесінде өткізуді ұсындық. Сол себепті, біз келіссөздерді бастаймыз. "Канело" кез келгенімен жұдырықтасуға дайын. Олардың үшінші жекпе-жегі үлкен мүмкіндік болғалы тұр. Келіссөз басталды, оның неге әкелетінін көреміз", — деді Де ла Хойя ESPN Houston радиосына берген сұқбатында.

Еске сала кетсек, GGG мен "Канелоның" алғашқы екі жекпе-жегі де Лас-Вегаста өткен болатын. Бірінші кездесу тең аяқталса, екіншісінде төрешілер шешімімен Альварес жеңіске жетті.



Дереккөз: https://sputniknews.kz/
Автор
Жандос